ЖШС құру құрылтай шартына қол қоюдан басталып, мемлекеттік тіркеуден өтуімен аяқталады. Егер ЖШС жалғыз құрылтайшысы болатын болса, құрылу жалғыз құрылтайшының шешім қабылдауынан басталады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің құрылтай шарты нотариалды куәландырылуға жатпайды. Алайда, біз өз тарапымыздан құрылтай шарты мен жарғыны нотариалды куәландыруға кеңес береміз. Себебі бұл сіз үшін болашақта туындауы мүмкін дауларда қорғаншы аргумент бола алады. Сонымен қатар кейбір екінші деңгейлі банктер шот ашу кезінде нотариалды куәландырылған жарғы талап етеді.

Тіркеу жасар алдында ЖШС кәсіпкерліктің қандай субъектісі болатынын анықтап алу маңызды.

Шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу тәртібі өзгелерден ерекше. Шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеуде тіркеуші органға e-gov арқылы кәсіпкерлік қызметті бастағаны туралы хабарлама жіберу жеткілікті. Хабарлама формасын Әділет министрлігі бекітеді (https://egov.kz/cms/ru/online-services/for_busunesses/reg_ip).

Орта және ірі кәсіпкерлік субъектісін тіркеуде құрылтайшылар немесе уәкілеттілік берілген адам тіркеуші органға арыз береді.

Құрылтай құжаттары мемлекеттік тіркеу кезінде талап етілмейді.

Алайда, біз талқылап отырған жағдайда, егер ЖШС құрылтайшыларының бірі шет елдік тұлға болып табылса, тіркеуші органға нотариалды куәландырылған жарғы ала баруға кеңес береміз.

Шет елдік қатысушысы бар ЖШС тіркегенде келесі құжаттар міндетті түрде талап етіледі:

құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;

нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда поштамызға жазсаңыз болады: advocat@lga.kz

Сізде де осындай ұқсас мәселе бар

Мәселені адвокатпен талқылау