Мәселе: Клиент делдал арқылы тауар биржасында тауарлар сатпақшы болады. Алайда делдалдың шарттық міндеттемені бұзуы салдарынан клиент саудада жеңіліп қалады. Осы орайда клиент биржа мен тапсырыс берушіге делдал тарапынан міндеттеме бұзылғанына сілтеп хат жазып, сатып алу тәртібін өзгертуді ұсынады. Себебі бұл жағдайда клиент тауарды ұсына алмай, тапсырыс беруші тауарды тиімді бағаға сатып ала алмаған.

Осы орайда делдал іскерлік беделіне зиян келгенін алға тартып, клиент хатын қайтарып алуды талап етіп сотқа жүгінеді.

Соттағы әрекеттер: Адвокат деладал тарапынан мідеттеме бұзылғанын дәлелдеуге тырысты. Делдалдың саудаға дейін жаңа бағалар ұсынуға қатысты шектеу қойып тастауы заңсыз екені, клиенттің саудаға қатысуын қамтамасыз етпегені, саудаға дейін ең арзан баға ұсынған қатысушының ғана тауары шығарылғанын дәлелдеді.

Нәтиже: Сот клиент хатты қайтарып алсын деген делдалдың талабын қанағаттандырусыз қалдырып, делдалдың шарттық міндеттемені бұзды деп танылды.

Сізде де осындай ұқсас мәселе бар

Мәселені адвокатпен талқылау